ҚазТАГ Халықаралық ақпараттық агенттігі
Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министірлігінде тіркелген ҚазТАГ Халықаралық ақпараттық агенттігі 2008 жылдың қыркүйегінде Қазақстан ақпараттық нарығында жұмыс істей бастады.
Агенттік Қазақстанның тыныс-тіршілігінің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, спорт саласындағы оқиғалары туралы ақпараттарды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Қазақстан және шет ел БАҚ-тарына, мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға, дипломаттық миссияларға, халықаралық ұйымдарға, нақты сектордың кәсіпорындарына және басқа да серіктестеріне on-line тәртібінде таратып тұрады.
«ҚазТАГ» ХАА-нің негізгі құрылтайшысы - Ұлттық баспасөз клубы.
ҚазТАГ-тың Алматыдағы кеңсе басшысы - Лариса Черненко, Астанадағы кеңсе басшысы – Ирина Нос. Сайттың қазақ тіліндегі бөлім меңгерушісі - Данабек Бименов.




