Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
13:19

Сәтпаевтағы жылу мен су жеткізушілері «Жезқазған Энергосбыт» компаниясына Т20 млн. қарыз

12.01.2018 Сәтпаевтағы жылу мен су жеткізушілері «Жезқазған Энергосбыт» компаниясына  Т20 млн. қарыз Қарағанды. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Сәтпаевтағы жылу мен су жеткізушілері «Жезқазған Энергосбыт» компаниясына Т20 млн. қарыз, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Қарағанды облысындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында (МАЭС) «Жезқазған Энергосбыт» ЖШС-ның «Сәтпаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС-нан қарыз сомасын өндіру туралы арызы қаралды.  Тараптар 2018 жылдың 5 қаңтарындағы жағдай бойынша 2016 жылғы 1 қаңтардағы энергиямен жабдықтау шартына сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтары мен 2016 жылдың 1 мамыры аралығындағы қарызы Т20 221 997,33 құрайды», - деп хабарлады өңірдегі МАЭС баспасөз қызметінен.  
Баспасөз қызметінде хабарлағандай, істі дайындау барысында тараптар сотқа бітімгершілік келісімді бекіту және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы өтініш ұсынды.  
«Сәтпаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС «Жезқазған Энергосбыт» ЖШС алдындағы қарызын келесідей тәртіпте төлеуге дайын: 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін Т10 221 997, қалған Т10 миллионды 2018 жылдың 26 ақпанына дейін төлейді», - деді соттан.



Серіктестер