Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:45

БҰҰ Сириядағы шиеленісті реттеуде Қазақстанның зор үлесін атап өтті

12.01.2018 БҰҰ Сириядағы шиеленісті реттеуде Қазақстанның зор үлесін атап өтті  Алматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ – БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаның пікірінше, Қазақстан сириялық шиеленісті шешуге зор үлес қосуда, деп жазады ТАСС.  
«Сириядағы шиеленіс мәселесі – мұнда Қазақстан Астаналық процеске қатысты маңызды рөл ойнайды», - деді М.Енча Астанадағы баспасөз мәслихатының қатысушыларына бейнеүндеу арқылы.  
Ол атап өткендей, бұл процесстің Сириядағы қақтығыс проблемалары шешімін іздеудегі үлесі өте үлкен.  Қазақстан астанасында өткен келіссөздер қорытындысы бойынша  деэскалация аймағы құрылып, Сириядағы шиеленіс деңгейі төмендеді.
БҰҰ мемхатшысының көмекшісі атап өткендей,   Астанадағы келіссөздер   «БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі Стеффан де Мистураның жетекшілігімен Женевада өтетін саяси процесске қолдау көрсетеді».
Еске салсақ, Сирия  бойынша Астанадағы келіссөздердің алғашқы раунды былтыр 23-24 қаңтарда өткен болатын.  Оның маңызды қорытындысы Сирия билігімен келіссөз жүргізуге қабілетті бірқалыпты қарулану ұстанымы тобын анықтау процесінің басталуы болды.  Ресей, Түркия және Иран елдегі бітімгершіліктің сақталуын бақылау үшін үшжақты жедел топ құру туралы келісті.  
2017 жылдың желтоқсанында Қазақстан астанасында Сирия бойынша сегізінші халықаралық кездесу өтті. Оның қорытындысы бойынша Ресей, Иран және Түркия Сочиде 29-30 қаңтарда Сириялық ұлттық диалог конгресін өткізу мерзімін келісті.  
Сирия бойынша келесі жоғары деңгейдегі халықаралық кездесуді 2018 жылдың ақпан айының ортасында Астанада өткізу келісілді.


Серіктестер