Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
17:38

Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2017 жылы 7,1%-ға көтерілді

12.01.2018 Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2017 жылы 7,1%-ға көтерілді Астана. 12 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2017 жылы   2014 жылмен салыстырғанда 7,1%-ға көтерілді, деп көрсетілген ҚР статистика агенттігінің хабарында.
Статмәліметтерге сәйкес, есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді әзірлеу көрсеткіші 9,5%, өңдеу өнеркәсібінде 5,1%, электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және ауамен сұйылтуда – 4,9% артқан. Ал сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау көрсеткіші 0,5%-ға төмендеген.
Газ конденсантын қоса алғанда мұнай өндіру 86,2 млн тонн (+10,5%), мыс кені 95,3 млн тонна (+21,5%.  Бензин өндірісі 3,1 млн тоннаны (+4,2%), газойл – 4,4 млн (-5,2%) құрады. Жайпақ прокат өндірісі – 3 млн тонна (-0,1%), тазартылған мыс – 0,4 млн тонна 4,1 млн тонна (+3,7%).
Статмәліметтерге сәйкес өндірістік өнім көрсеткіштерінің артуы республиканың 14 өңірінде байқалған. Ал Шығыс Қазақстан облысында көрсеткіш былтырғы деңгейге сәйкес келеді.



Серіктестер