Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:05

Ақтауда инвесторлар есебінен Т5 млрд сомаға тұрақ аймағын салу жоспарлануда

12.01.2018 Ақтауда инвесторлар есебінен Т5 млрд сомаға тұрақ аймағын салу жоспарлануда  Ақтау. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Ақтауда инвесторлар есебінен Т5 млрд сомаға тұрақ аймағын салу жоспарлануда, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тұғжанов.
«Тұрақ аймағы құрылады. Қала жап-жасыл болуы керек. «Маңғыстаумұнайгаз» Т5 млрд сомаға парк салатын болады. Және ол парктің 35%-ы жасыл аймақ болуы тиіс», - деді Е. Тұғжанов жұма күні.
Сондай-ақ, өңір басшысының айтуынша, Ақтауда қаптайтын материалдар шығаратын зауыт салу жоспарлануда.  
«Біз инвестормен облыстағы ірі зауыт құрылысына $600 млн сомаға келісім жасадық. Бұл зауыт Қазақстанда бар барлық қаптама материалдарын шығаратын болады. Ол дайындайтын өнім жеңілдетілген жұқа материалдардан дайындалады. Бұл ретте ол экспортқа шығарылады», - деп атпа өтті  Е. Тұғжанов.
Сонымен қатар, өңір басшысы аудандағы демалыс базасы инфрақұрылымы мәселесін шешуді тапсырды.  
«Электроэнергиясын, сумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды өткізу керек. Онсыз туризмді дамыту туралы айтудың да қажеті жоқ. Сондай-ақ, біз мұз спорт кешеніне арналған инфрақұрылым мәселесін де шешуіміз керек. Ақтауда Сарай болуы керек, және оны қысқа мерзімде жасау керек», - деді өңір әкімі.
Сондай-ақ, Е. Тұғжанов Ақтау әкімдігіне қаланың бас жоспарын қайта қарауды тапсырды.  



Серіктестер